//
Парманов Бұхарбай Жаңалықтар 

Төле би ауданына жаңа әкім тағайындалды

Оңтүстіктегі Төле би ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Парманов Бұхарбай

Қазақстан Президенті әкімшілігінің келісімі және Төле би аудандық мәслихатының келісімі бойынша ОҚО әкімінің өкімімен бұл лауазымға Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы тағайындалды.

Бұхарбай Рысқұлұлы – 1962 жылы туған. Білімі жоғары, экономист, құқықтану бакалавры. Еңбек жолын 1980 жылы Қазығұрт ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы ретінде бастаған.

Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті лауазымында бастады. 1987-1994 жылдары Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы, Ленин ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы болған.

1994-2002 жылдары аралығында салық және қаржы полициясы органдарында қызмет еткен. 2002-2014 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы бойынша салық комитетінің төрағасының орынбасары және төрағасы, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып еңбек етіп келді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz