Төрткөл тұрғыны мақта арасына қарасора еккен

Оңтүстіктің полицейлері 45 түп қарасора өсімдігін тапты. Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткі заты бар өсімдік өсіретіні туралы хабарлама келіп түскен.

Төрткөл тұрғыны мақта арасына қарасора еккен

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Төрткөл ауылындағы мақта егістігінің орта тұсында қарасора егілген алқап анықталды. 31 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі бұл алқаптан полицейлер 45 түп өсімдікті анықтап, айғақ зат ретінде тәркілеп алды.

Төрткөл тұрғыны мақта арасына қарасора еккен

Сот-криминалистикалық сараптамасы бұл өсімдіктердің жалпы салмағы 18 келіні құрайтын, құрамында есірткі заттары бар қарасора екенін анықтады.

Төрткөл тұрғыны мақта арасына қарасора еккен

Қазір осы жайт бойынша қылмысты кодекстің 300-бабымен (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР