//
Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды Жаңалықтар 

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен селекторлық мәжіліс өтті. Жиналыстың күн тәртібінде бүгінгі таңдағы өзекті 3 мәселе қаралды. Олар – жаңа оқу жылына дайындық барысы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы мен бұқаралық спорттың дамуы.

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жоғарыда аталған мәселер бойынша облыс әкімі тиісті сала басшыларының баяндамасын тыңдап, бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Аудан, қала әкімдеріне жаңа 2016-2017 оқу жылына дайындық барысын пысықтауды, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен тапсыру мерзіміне жіті назар аудару тапсырылды.

Сонымен қатар аймақ басшысы бұқаралық спортты дамыту мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыс аумағында жыл басынан бері 28 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілгенін атап өтті.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды және қарапайым тұрғындарға мейлінше қолдан келетін мүмкіндіктерді жасау үшін әр көп қабатты үйлердің ауласына қарапайым спорт құрылғыларын орнатуды  аудан, қала әкімдері мен сала басшыларына тапсырды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі күн тәртібінде қаралған әрбір мәселені жіті назарда ұстайтынын айтты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz