Жер қатынастарының мемлекеттік қызметі оңтайландырылды

Қазіргі таңда Қазақстанда елдімекендерде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту қызметіне бірден екі қызмет — жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау және нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқарды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажет емес. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды.

Жер қатынастарының мемлекеттік қызметі оңтайландырылды

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның құрамында ЖерҒӨО мен ЖМО-ның бірігуі арқасында мүмкін болды.

Жобаны енгізгенге дейін тек кадастрлық құнды анықтау жұмысын орындау мерзімі 10 күнді құраған, оған жергілікті атқарушы органның бекітуіне 3 жұмыс күні қосылады. Сондай-ақ азаматтарға ХҚКО-ға екі рет жүгінуге тура келетін: алдымен құнын анықтауға, одан кейін кадастрлық құнды бекітуге. Енді бұл қызмет жеңілдетілді – құнын анықтауға құжат тапсыра отырып, қызметті алушы бекітілген кадастрлық құн актісін алады. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Осы пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап 1 454 қызмет көрсетілгенін атап өтті.

Жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органдарда бекіту композиттік қызметіне біріктірудің пилоттық жобасы мемлекеттік қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетті.

Бұрын тұтынушыға жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін алдымен ЖерҒӨО-ға жүгіну және оны әзірлегеннен кейін ғана жергілікті атқарушы органда бекіту үшін ХҚКО-ға құжат тапсыру керек болатын. Енді мемлекеттік корпорацияның фронт-кеңсесіне жүгіну және жерге орналастыру жобасын әзірлеуге құжаттар тапсыру жеткілікті, бекітуге ол автоматты түрде жолданады.

Бұл «Азаматтарға арналған үкіметтің» барлық фронт-кеңселеріне қосылған халыққа қызмет көрсетудің ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің нәтижесінде мүмкін болды. Пилоттық жоба қолға алынғалы бері жерге орналастыруға қатысты 4000 жоба әзірленді және 2000-нан астамы бекітуге жолданды.

Пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның барлық фронт-кеңселерінде қолданылады және 20 тамызға дейін созылады. Ол аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданады. Бірақ қазірдің өзінде пилоттық жоба іс жүзінде уақытты, мерзімді қысқартты және «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсартты.

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ директорлар кеңесінің отырысында 2016 жылдың 3 маусымында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясын құру бекітілді. Жаңартылған дирекцияның алғашқы жобаларының бірі – алдымен Астана қаласы бойынша, әрі қарай өңірлерде қала құрылысы кадастрымен ықпалдастыра отырып, «Жер және жылжымайтын мүлік» бірыңғай мемлекеттік кадастрын кұру.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР