//
Сүңгуірлер Жаңалықтар 

Құтқарушылар шомылу маусымын қорытындылады

Биыл Оңтүстікте 70 адам суға тұншығып, қаза тапты. Өкініштісі, құрбандардың көбісі балалар. Шомылу маусымын қорытындылаған төтенше жағдай департаментінің мамандары осылай дейді. Анық болғаны, судағы қазаның көбі Сарығаш, Мақтаарал және Отырар аудандарында болған.

СүңгуірлерЖыл басынан бері облыстағы су айдындарында 72 келеңсіз жағдай тіркеліп, 70 адам қаза тапты. Оның жартысынан астамы балалар дейді төтенше жағдай мамандары. 80-нен астам адам құтқарылып, келген жалпы шығын көлемі 358 мың теңгеден асқан. Осы уақыт аралығында тіркелген қайғылы жағдай саны өткен жылмен салыстырғанда 28 есеге артық.

Бір айта кетерлігі, өңірде биыл ірі өрт азайыпты. Жыл басынан бері 1 орман, 3 дала өрті тіркелген. Есесіне ыстық күн райының салдарынан дала шөбінің жануы жиіледі. Былтырмен салыстырған 33 пайызға өсіп, 3 мың гектардан аса алқап түгелдей өртке оранған. Жауаптылар бүгінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тапшы дейді. Әр ауданда небәрі 4 адамнан құралған арнайы жасақ жұмыс істейді.

Айта кетейік, биыл облыста 8 рет бидай алқабы өртенген. Соның сладарынан 6 млн 700 мың теңгенің шығыны келіп, 277 гектар егістік түгелдей жанып кетті. Облыста сүңгуірлер де, өрт сөндірушілдер де жеткіліксіз деген төтеншеліктер бүгінде еріктілер жасағына жүгінуге мәжбүр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz