Қала күні биыл ерекше атап өтіледі

25 миллион теңге! Осыншама қомақты қаржы Шымкент қаласының туған күнін тойлау үшін жұмсалмақ. Бұл жөнінде қала билігі баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Қала күні биыл ерекше атап өтіледі

Әкімнің орынбасары Қайрат Нұртайдың айтуынша, биылғы мереке жылдағыдан ерекше өтеді. Алдымен Шымкенттің құрметті азаматтар марапатталып, соңынан шаһардың ең сұлу әрі парасатты аруы анықталмақ. Мерекенің екінші күнінде, 17 қыркүйек күні мыңдаған қала жастары флэшмоб биіне жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, тазалық шаруалары да атқарылады.

Мерекелік шара аясында қаланың ең қарт тұрғыны мен ең жас азаматы үшін ерекше құттықтау рәсімі де бар. Спорт сайыстарында жүзден жүйріктер оза шаппақ. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де бір апта бойы жұмыс істейді. Ал қорытынды кеш 24 қыркүйек күні Наурыз алаңында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысумен өтеді деп жоспарланып отыр. Айта өтетін ақпар, ресми мәлімет бойынша бүгінде Шымкентте 885 мыңнан астам адам өмір сүреді.

Мерекелік бағдарлама

17 қыркүйек

9:00-13:00 – қалалық сенбілік.
9:00-10:00 – ардагерлер, интеллигенция өкілдері мен жастар бірге ағаш егеді.
11:00 – жастар арасындағы «I love Shymkent» флешмобы (Тәуелсіздік саябағы).

18 қыркүйек

09:00-11:00 — жеңіл атлетика эстафетасы. Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысынан Наурыз алаңына дейін (осы аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылады)

Орталық саябақ. 10:00 – ардагерлер арасындағы шахмат турнирі.
Бильярд клубы. 12:00 – Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бильярд турнирі.

19 қыркүйек

Оқушылар сарайы. 16:00 – «Таза қала» акциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.

20 қыркүйек

Тәуелсіздік саябағы. 11:00-13:00 – мектеп оқушылары ұйымдастырған мерекелік бағдарлама.
Опера және балет театры. 18:00 – «Шымкент аруы» конкурсы.

21 қыркүйек

Қала әкімі жас белсенділермен кездеседі.

22 қыркүйек

Республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері арасында өткен «Шырайлы Шымкент» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау.

Опера және балет театры. 17:00 – балаларға арналған «Алтын сақа» қысқаметражды фильмдер фестивалінің ашылуы.

23 қыркүйек

Перзентхана. 10:00 – осы күні туған ең жас Шымкент тұрғынын қала әкімі құттықтайды.

11:00 – қала әкімі Шымкенттің ең қарт тұрғынын құттықтайды.

Қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі. 11:00 – қайырымдылық акциясы.

24 қыркүйек

Атшабар. 10:30-14:00 – ұлттық спорт жарыстары.

Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі. 11:00-19:00 – каладағы мәдениет ошақтары әзірлеген концерт.

«Шырайлы Шымқалам» фестивалі – жемістер мен көкөністерге өрнек салу (карвинг), халықтық тұтыну-қолөнер бұйымдарының, фотосуреттер көрмесі.

Наурыз алаңы. 19:00-21:30 – театрландырылған хореографиялық қойылым.

Салтанатты жиын. Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысатын гала-концерт.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР