Қарызын төлемегендер көлік жүргізе алмайды

Шымкентте алимент төлемей жүрген 8000-нан астам борышкер бар. Құқық қорғау органдары мен жеке сот орындаушылары бірігіп, жыл соңына дейін үздіксіз рейд жүргізбек. Олар қала тұрғындары арасынан қарызы барларды осылай анықтауға кірісті.

Алименттен жалтарып жүргендер мен мемлекет пайдасына өндірілетін айыппұлды қасақана төлемеушілерге негізі бірнеше рет ескерту хаты берілген. Тексеру шарасының алғашқысы жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Қарызын төлемегендер көлік жүргізе алмайды

Соңғы жылдары алимент пен айыппұл төлемеу, одан жалтару сынды іс-әрекеттер жиілеп, перзентіне көмектесуден жалтарған әкелер ісі үлкен проблемаға айналған. Осы мәселені шешуге ниетті бірқатар құрылымдар күш біріктіру қажеттігін де көп айтып келеді. Осылайша полиция және сот орындаушылары алимент төлегісі келмейтіндерді жол бойында ұстауға кірісті.

Қарызын төлемегендер көлік жүргізе алмайды

Арнайы рейдте жол сақшылары жүргізушілердің құжаттарын тексеріп, борышкерлерді анықтады. Мұндай рейд бұрын да нәтижесін берген. Мамандар бұл жолы да қателескен жоқ. Аз ғана уақыт ішінде 20-дан астам автокөлік иесі өз отбасына тиісті айыппұлын төлемеген болып шықты. Тіпті қарызын ұмытқан борышкерлер де бар.

Бүгінде өңірімізде 8 мыңнан астам борышкер алименттен жалтарып жүр. Олардың мыңнан астамына ескерту құжаты толтырылған.

Айта өтейік, ескерту алған борышкерлер жақын күндері қарызын өтемесе, көліктері айып тұрағына қойылып, әкімшілік шара қолданылады. Сондай-ақ, оларға шетелге шығуға тыйым салынады. Ал полицейлер рейдке үздіксіз шығамыз деп уәде беріп отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР