//
Қазақстан бойынша ең арзан жолақы - Түркістанда Жаңалықтар 

Қазақстан бойынша ең арзан жолақы – Түркістанда

Азық түлік бағасы, коммуналды қызмет түрлеріне тарифтің шарықтаған тұсында Түркістан қаласындағы қоғамдық көлікте жолақы өзгеріссіз қалды. Ол 30 теңгені құрайды. 2012 жылы автобустарда 40 теңге деп бекітілген бағаны “Жолаушы” ЖШС халықтың жағдайын ескеріп, 10 теңгеге төмендеткен. Дағдарыс қанша қыспаққа алса да осы баға 4 жыл бойы өзгермей келеді. Есебін тапқан көлік компаниясы тарифті көтермей-ақ сапалы қызмет көрсетуге болатынын іс жүзінде дәлелдеп отыр.

Қазақстан бойынша ең арзан жолақы - Түркістанда

265 мың халқы бар Түркістанда жолаушыларды тасымалдаумен “Жолаушы” серіктестігі айналысады. Көне қала аумағында автобустарда қатынау бағасы – 30 теңге, ал бастауыш сынып оқушылары қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл бастама осыдан төрт жыл бұрын қолға алынған. Осылайша Түркістандағы қоғамдық көліктерде жолақы республикадағы ең арзаны болып тұр.

Жолаушылардың қауіпсіздігі де назарда дейді компания мамандары. Ол үшін көліктердің техникалық жағдайын да үнемі бақылауда ұстайды. Нәтижесінде тексерулерден кінаратсыз өтеді. Жергілікті полиция қызметкерлері өткізетін шараларда бұл бірден анықталады, ақауы бар көліктердің бағытқа шығуына жол берілмейді.

Тексеру мұнымен шектелмейді, қоғамдық көліктер бір жылда екі рет техникалық бақылау орталығынан өтуі шарт. Ол үшін мұнда арнайы құрал-жабдықтар да орнатылған.

Қала тұрғындарын тасымалдайтын “Жолаушы” компаниясы қызмет аясын кеңейтіп, бүгінде қалааралық бағытта да жұмыс жасауға кіріскен. Әр көліктің бастапқы нүктеден діттеген жеріне дейінгі қозғалысын диспетчерлік орталықтан қадағаланып отырады. GPS құрал орнатылған көліктерде жүргізушілердің жылдамдықты асыруға құқығы жоқ.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамту – мұндағылар үшін басты талап. Яғни, жол ережесі мен тәртіптің сақталуы шарт. Тек осы жағдайда ғана жол көлік оқиғаларының алдын алуға болады дейді талапшыл басшы.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz