//
Қоқыс зауыты Жаңалықтар 

Қоқыс зауыты әлі тоқтап тұр

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің мамандары Ақтас елдімекеніндегі қоқыс өңдейтін зауытқа барып, басшыларымен кездесуді жоспарлаған. Өкінішке қарай, есігіне қарақұлып ілінген зауытта қарауылдан басқа жан жоқ болып шықты.

Қоқыс зауыты

Шымкенттегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын қалалықтар 10 жыл күткен болатын. Өткен жылы іске қосылған нысан үш ай өтпей жатып тұралап қалды. Енді қала басшылығы инвестор тартып, жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр.

Себебі күн сайын қаладан шығарылатын 500 тонна қатты тұрмыстық қалдық өңделмесе, қоқыс тасталатын алаң мерзімінен бұрын толып қалуы мүмкін. Бүгінде бұл жобаға қытай және польша инвесторлары қызығушылық танытып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

1 пікір - "Қоқыс зауыты әлі тоқтап тұр"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын
Мұндай жағдай Қазақстан үшін қалыпты құбылыс болғаны қашан. Жалған бәрі де жалғандық пен қулық сұмдыққа негізделген жүйені жасап бітірді билікте отырғандар. Өтірік ақпар беру шенеуніктер үшін су ішкенмен бірдей әдетке айналған. Қаншама жаңа зауыттарды іске қостық деп, Елбасыны алдап, айдай әлемге жар салады. Сосын жиын біткесін шала – шарпы жалғандықпен құрылып, бітпеген кәсіпорынды бітірдік деп мемлекет қаржысын жегендер тайып отырады. Зауыттар болса, қаңырап тоқтап қалады. Тендерден жеу, мемлекет пен халықты тонау енді тоқтамайды. Тәртіп жоқ, ұры – қарылар мен жетім сатқан, жер сатқандар билікте отырғанда осылай бола береді. Бірақ түбі үлкен СҰРАНЫС болады… Осыған кіналылардың талайының атылуына да куә боламыз… Ары қарай оқу »
wpDiscuz