//
Жаңалықтар 

Қырғызстандағы алғашқы қазақ суретшісінің жеке көрмесі

“Көшпенділер және номадтар”. Қырғыз елінінің астанасы Бішкек төрінде жерлесіміз, суретші-график Батухан Байменнің жеке көрмесі өтті. Алатау бөктеріндегі дүниежүзілік екінші көшпенділер ойыны аясында ашылған көрме Қазақ елінің мәртебесін арттыра түсті. Экспозиция қырғыз көрермендерінің жоғары бағасына ие болды.

Қырғызстанның 50 жылға жуық тарихы бар бұл мәдениет ошағында Қазақстаннан графика бойынша ең алғаш жеке көрме алып келген – Батухан Баймен. Бүгінде көптеп ашылатын экспозицияда бейнелеу өнеріндегі классикалық әдісте орындалған графикалық туындыларды кездестіру қиын. Бұл көрменің ерекшелігі сол – дәстүрге айналған еңбектерден басқа ойға ой қосатын картиналар басым. Ал оны тамашалауға келгендердің қатарында әлемге аты әйгілі түркітанушылар және көрші елдің экс-мәдениет министрі де болды. Өнертанушылардың айтуынша, мұндай мазмұндағы туындылар, олардың классикалық графикада орындалуы – бейнелеу өнерінің тарихында айтулы сәт.

Автор қонақтарға туындыларының мазымұнымен таныстырды
Автор қонақтарға туындыларының мазмұнын таныстырды

Өмірбек Жұбаниязов, ҚР Суретшілер одағының төрағасы: “Батухан Баймен – дәстүрлі графиканың туын алып келе жатқан белді суретші. Мәселе сонда болып тұр. Мұндай шеберлер аз.”

Қырғыстандағы алғашқы қазақ суретшісінің жеке көрмесі

Көрмеге автордың 100-ге жуық туындысы қойылған. Экспозицияда суретші шығармашылығын кезеңдер бойынша топтастырыпты. Оның негізгі бөлігі көшпенділер ойындарына арналған серия болды. Ұлттық ойындардың әрбірін суреттеумен қатар полотнода сақтардың аң стиліндегі элементтерін де қамтыған. Бұл ұлттық ойындардың тарихы тереңде жатқанының белгісі дейді суретшінің өзі.

Қырғыстандағы алғашқы қазақ суретшісінің жеке көрмесі

Батухан Баймен, суретші-график: “2016 жыл Қырғыз елінің Президенті Б.Атамбаевтың мәдениет және тарих жылы деп атаған. Онымен қоса бауырлас елмен бірге тәуелсіздігімізді алғанға 25 толып отыр. Үлкен, айтулы мереке. Онымен қоса кеше дүниежүзілік көшпенділер ойыны фестивалін өткізді. Осылардың нәтижесінде көрме өткізуге түркі болды.”

Көрме 25 қыркүйекке дейін ашық. Дәл осы ерекше шара барысында суретші Батухан Баймен құрылғанына 20 жыл болған қырғызстандағы халықаралық суретшілер одағы конфедерациясы дипломының алғашқы қазақстандық иегері және Ә. Қастеев атындағы алтын медальді кеудесіне тағылды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz