//
Әйелдер түрмесінде тігіншілер жарысы өтті Жаңалықтар 

Әйелдер түрмесінде тігіншілер жарысы өтті

“Үздік тігінші 2016”. Шымкенттегі 167/4 әйелдер түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шеберлік байқауы өтті.

Әйелдер түрмесінде тігіншілер жарысы өтті

Облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен шара мақсаты – үздіктерді анықтау. Ең бастысы қазіргі уақытта мекемеде жолға қойылған кәсіпорынның жұмысымен таныстыру болатын.

Ғажапқа әрбір әйелдің жаны құмар. Мұны қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өткен үздік тігінші-шебер байқауынан байқауға болады. Тігіншілерге талап қатаң. 5 қатысушы 1 сағат ішінде полиция қызметкерінің көйлегін тігуі керек. Әділқазылар тек жылдамдықты ғана емсес, сапаны да бағалайды.

Түзету мекемесінде бүгінгі таңда 50-ден астам адам 3 ауысымда қызмет етіп, жалақы алуда. Темір тордың арғы жағында тігін тігуден арнайы білімдерін жетілдіргендер кез-келген тапсырысты қабылдауда. Сайысқа қатысқан жазасын өтеуші-тігіншілердің бесеуі 1 сағат ішінде полиция қызметкерлерінің көйлегін тікті. Жеңімпаздарды кәсіби тігіншілер анықтады.

Булкаш Касенова 10 жылға бас бостандығынан айрылған. 3 жылдан бері жазасын өтеп келе жатқан ол тігін өнерін осында жүріп үйреніпті. Кәсіби тігіншілердің қатарындағы келіншек бостандыққа шыққан соң осы сала бойынша кәсібін ашсам дейді. Еңбегі үшін жалақы алып отырған ол уақытты тиімді пайдалануыма бұл зор мүмкіндік болды деп отыр.

Түзету мекемесінде бүгінгі таңда 50-ден астам адам 3 ауысымда қызмет етеді. Жалақы 15 мың теңгеден 100 мың аралығыда. Темір тордың арғы жағында тігін тігуден арнайы білімдерін жетілдіргендер кез-келген тапсырысты қабылдауда. Ал бүгінгі байқау нәтижесі бойынша Екатерина Лапаева 1-орын жеңімпазы атанды.

Әділқазылар шешімі бойынша өзге қатысушылар екі 2-орын, екі 3-орынды өзара бөлісті. Енді халық арасында 31-түрме атауымен белгілі 167/3 түзету мекемесінде “Үздік шебер” облыстық байқауының 1-кезеңі өтеді.

Асқар Сәтпаев

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz