Құжаттары рәсімделмеген бес гараж ауладан алынып тасталды

274
Құжаттары рәсімделмеген бес гараж ауладан алынып тасталды

Көлік гаражын заңдастырдыңыз ба? Шымкеттегі Әл Фараби ауданы аумағындағы құжаттары рәсімделмеген бес гараж ауладан алынып тасталды. Тұрғындар мұндай мүліктер балалардың аулада ойнауына кедергі келтіріп, бұзақылардың паналайтын орнына айналғанына алаңдайды. Ал ақша шығындап, гараж сатып алған көршілер оларды әжетке жаратып отырғанын айтады.

Құжаттары рәсімделмеген бес гараж ауладан алынып тасталды

Валерий Блюмен өзінің Кеңес дәуірінен осы аулада тұрған гаражы орнынан алынатынын түсінбей дал. Айтуынша, оны алдын ала ешкім ескертпеген. Мүлкінің құжаттарын құнттамаған ол өзінің осы гараждың қожайыны екенін дәлелдей алмай отыр.

Осындай заңды тіркелмеген 5 мүлік енді бұл ауладан алынып тасталады. Жергілікті шенеуніктер бұл гараждардың  құжаттары жоғын анықтадық деп отыр. Соны негізге алып, қожайындарын нысандарды қала сыртына шағырылады деп ескерткенін алға тартуда.

Жергілікті тұрғындар бұл мүліктер ең алдымен аулада балалардың емін-еркін ойнауына кедергі туғызады дейді. Әсіресе, кешқұрын бұл жерді бұзақылар паналап, арамза ойларын да іске асыратынын ашына жеткізді.

Заңсыз пайдаланылған бұл мүліктер енді қала сыртындағы автотұраққа қойылады. Ал қожайындары кез келген уақытта тұрақжайдың қызметіне ақы төлеп, көлікжайларын рұқсат етілген жерлерге жеткізіп алуына мүмкіндік бар.