Қажылыққа аттанған жерлестеріміз елге оралды

Қажылыққа аттанған жерлестеріміз елге оралды

Қажылыққа аттанған жерлестеріміз елге оралды. Қасиетті Меккеге барып, мұсылмандық парызын орындап қайтқан ағайынның алғашқы легі туған-туыстарымен қауышты. 400-ге жуық оңтүстікқазақстандық Арафат тауын аралап, қағбада ғибадат етіп қайтты.

Қажылыққа аттанған жерлестеріміз елге оралды

Ұшақпен тікелей Шымкентке қонған жамағатты туған-туыстары мен ұл-қыздары, немерелері күтіп алды. Елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, қастерлі бес парызының бірін өтеп қайтқан келген қажылардың алған әсерлері ерекше.

Еске салсақ, Қағбаға тәу етуге биыл Қазақстаннан 3000-нан аса азамат барған болатын. Оның жартысынан астамы біздің өңірден. Ал Сауд Арабиясында қалған жамағат үлкен қажылық сапардан бірнеше күннен кейін оралады.