Қазығұртта 6 бірдей мектеп ашылды

1425
Қазығұртта 6 мектеп ашылды

Қазығұрт ауданында тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне және білім күніне орай алты мектеп ашылып отыр. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Қазығұртта 6 мектеп ашылды

Атап айтқанда Қақпақ ауылынан 300 орынды бір мектеп, Көкібел, Қызылдихан, Жұмысшы және Еңбекші ауылдарынан 200 орынды бір-бір мектептен және Тесіктөбе елдімекенінен 150 балаға шақталған бір білім ошағы оқушылар үшін есігін айқара ашты. Төрт апатты, екі ыңғайластырылған мектепті алмастырған бұл құрылыстарға ұлттық қор мен облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге жұмсалды.

Қазығұртта 6 бірдей мектеп ашылды

Соның бірі – Қақпақ ауылдық округінен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 300 орынды Қақпақ жалпы орта мектебі. Бұл мектепке 540 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме 7 айдың ішінде құрылысты сапалы аяқтап шықты.

Қазығұртта 6 бірдей мектеп ашылдыМектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауыл халқының қуанышымен бөлісті. Салтанатты жиын кезінде ауданда ашылып жатқан білім ошақтарының ұжымына облыс әкімінің сыйын тарту етті.

 

Жаңа мектептер заман талабына сай мультимедиалық, лингофонды кабинеттермен жабдықталған. Сондай-ақ, физика, химия, биология кабинеттері арнайы талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе, қосымша спорт зал мен асхана жайлары да бар.

Қазығұртта 6 бірдей мектеп ашылды

Айта кетерлік жайт, биылғы жаңа оқу жылында аудан бойынша 27 мыңнан астам оқушы білім алатын болса, соның биыл 3 мыңға жуығы 1 сыныпқа барды.