2016 жылы Шымкент ішіндегі жол 500 шақырымға ұзарды

2016 жылы Шымкентте қалаішілік жолдың ұзындығы 500 шақырымға ұзарды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы қала тұрғындары үшін ең маңызды саланың бірі болып табылады.

Шымкент жолдары жаңаруда

Сондықтан коммуналды шаруашылық бағдарламасы бойынша аталған салаға биыл 6,5 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,2 млрд теңгеге, 2015 жылға қарағанда 13,3 млрд теңгеге артық. Осылайша көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Тиісінше қала ішіндегі жолдың жалпы ұзындығы екі жылда 2810 және 2331 шақырымға өсті. 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен шаһардағы 21 көше жарықтандырылды. 6 саябақта түнгі шамдар қойылып, 30 жолақты жолдар төселді.

Жарықтандыру бойынша осы уақыт ішінде қала аумағында  30 мың дана жарық шырақтары орнатылған. 24 көше мен 689 аула, қосымша 4 көшеге қайта құру жұмыстары жүргізіліп, қазан айына дейін пайдалануға берілмек. Бұған жергілікті бюджеттен 455,7 млн теңге бөлінген.

Әсіресе шаһарда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жол қарқынды түрде салынуда. Биыл қалалық бюджеттен тротуарлар және велосипед жолақтарын салуға 353 млн теңге қаралған.

Қазіргі таңда қада әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес таза қала және таза аулаларды құру үшін шаһардағы тұрғын үй аулаларында жаңа қоқыс жәшіктері орнатылып, жаңартылуда.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР