«Алтын сақа» балалар фильмдері фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Шымкентте балаларға арналған «Алтын сақа» қысқаметражды фильмдер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шара опера және балет театрында өтті, деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасы.

«Алтын сақа» балалар фильмдері фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Алдымен облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың құттықтауын мәдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы жеткізді. Күнгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль киноиндустрия саласын дамыту, жас буын режиссерларға шығармашылық серпін беру, олардың кәсіби деңгейін көтеру, әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, көрермендерге ой тастау, балаларға арналған қысқаметражды фильмдер мен анимациялық туындыларды, бейнероликтерді жарыққа шығару мақсатында өткізілді.

«Алтын сақа» балалар фильмдері фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Фестивальге республикалық «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы, Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, кинотанушы, киносыншы, өнертану ғылымының кандидаты Гүлнәр Мүрсәлімова, облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі Жүсіп Ақшора, «Қазақстан» АҚ ОҚО филиалының директоры Уәли Қыдыр, «САҚ» киностудиясының директоры Нұриддин Паттев, клипмейкер, кинорежиссер-оператор Фурхад Саиповтар қазылық етті.

Сонымен, фестивальдің қазылар алқасының шешімімен болған қорытынды мынадай:

Бас жүлде — «Қуат» қысқаметражды фильмі (режиссері Нұрбол Абсеметов).

І орын — «Айсұлу» қысқаметражды фильмі (режиссері Дархан Нұртазаев) және «Түлкі мен қырғауыл» анимациялық фильмі (режиссерлары Дариха Еркінбек, Жұлдыз Өмірқұлова).

ІІ орын — «Қаhарман» қысқаметражды фильмі (режиссері Хамид Мүтәлиев) және «Асар» анимациялық фильмі (режиссері Береке Жүнісов).

III орын — «Мен қорқамын» қысқаметражды фильмі (режиссері Бақытжан Көшеров) және «Наурыз» анимациялық фильмі (режиссері Оңласын Бурибеков).

«Алтын сақа» балалар фильмдері фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Сонымен қатар «Өзекті тақырыпты қозғағаны үшін» номинациясымен «Табиғатты аялайық» анимациялық фильмі (режиссері Самат Нұралиев), «Ерекше монтаж жұмысы үшін» номинациясымен «Жылдамдық» әлеуметтік ролигі (режиссері Серік Таласов) және «Ерекше операторлық жұмысы үшін» номинациясымен «Жемқорлық» әлеуметтік ролигінің (режиссері Серік Таласов) авторлары марапатталды.

«Алтын сақа» балалар фильмдері фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Кинофестивальде жүлде алған осы туындылар 2016 жылдың 5 қазаннан бастап жергілікті және республикалық «Балапан» телеарнасының эфирінен көрсетіле бастайды. Ал конкурсқа қатысқан барлық фильм 23 қыркүйектен 3 қазанға дейін «Оңтүстікфильм» мекемесінде, балалар үйлерінде, интернаттарда көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР