«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірінші республикалық спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

339
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 1-ші республикалық спартакиадасының жеңімпаздары анықталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ департаменттері арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды. Футбол бойынша бірінші орынды Қостанай облысы, волейбол мен шахмат бойынша ОҚО құрамасы, арқан тартуда Маңғыстау облысының құрамасы, эстафетада Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 1-ші республикалық спартакиадасының жеңімпаздары анықталды.

Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлауға орай өзінің жұмыскерлері арасында 8-10 қыркүйек аралығында бірінші республикалық спартакиада өткізді. Жарысқа 14 облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының 17 командасы қатысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, өңірлік деңгейдегі іріктеу турларында департаменттердің 18 мыңға жуық қызметкері қатысқан, бірақ Алматы қаласына бірінші командалық орынға таласуға барлығы 289 адам қатысты. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» жас және перспективті дамып келе жатқан ұйым. Ол 4 мекеменің бірігуі арқылы құрылғандықтан, қазіргі уақытта ұжымның бірігуі мен ынтымақтасу қажеттілігі бар, ал спорт адамдарды жақындастырмайды ма? Бүгін тек біз ғана емес, барлық Қазақстан оған үлкен көңіл бөлуде.»

Жарыс 5 спорт түрі бойынша өтті – шағын футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту және эстафета. Бастапқы кезеңде қатысушылар сегізден бір финалға, одан кейін ширек финалға өту үшін күресті.

«Барлық қарсыластар өте күшті болды, дайындық республикалық спартакиадаға кім қатысатыны белгілі болғаннан дейін жүргізілді. Соңына дейін біздің жеңетіндігімізге сенген жоқпын, міне, бүгін еркін демалуға болады, себебі спартакиаданың «алтыны» Оңтүстік Қазақстанға барады», – деді Оңтүстік Қазақстан облысы құрама командасының капитаны, Оңтүстік Қазақстан бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық төлеу орталығы» департаментінің директоры Бахыт Басынбек.