Биыл Оңтүстікте 73 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттады

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 жаңа оқу жылында 73 699 оқушы 1 сынып табалдырығын аттады. Демографиялық өсімі жоғары аймақта сауатын ашып, мектепке барған шәкірттер өткен жылмен салыстырғанда 4 000-ға жуық балаға артық, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Оңтүстікте 73 000-нан астам оқушы 1 сыныпқа барады

Жалпы, биылғы жаңа оқу жылында облыстағы алғашқы қоңырау соғылған 1022 мектепте 611 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл — былтырғыға қарағанда 27 мың балаға артық.

Биыл Оңтүстікте 73 000-нан астам оқушы 1 сыныпқа барады

Мектептерде жалпы саны 66 412 педагог қызмет атқарады, оның ішінде 52 мыңы (78%) – санаты бар ұстаздар, қалған 22% — жас педагогтар. Жаңа оқу жылының алғашқы күні әр бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президентінің атынан «Менің Отаным — Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылып, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» білім беру сабағы өткізілді.

Биыл Оңтүстікте 73 000-нан астам оқушы 1 сыныпқа барады

Жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға тоқталсақ. Биыл еліміздің 1 сынып оқушылары бес күндік оқу аптасына көшуде. Ал аптаның сенбі күні есебінен 1 сынып оқушылары мен мұғалімдеріне 34 демалыс күні беріледі.
Сондай-ақ, биыл білім ошақтарында бірыңғай оқулық енгізіле бастайды. Бұл базалық оқулықтар жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес енгізіліп, республиканың барлық оқушыларының білім деңгейін теңестіруге жағдай туғызады.

Биыл Оңтүстікте 73 000-нан астам оқушы 1 сыныпқа барады

Одан бөлек, биылдан бастап орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу жұмыстарына байланысты жазда облыстағы бастауыш сыныптың жалпы пәндер бойынша 10 мыңға жуық мұғалімі «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында даярлық курсынан өтті.

Биыл Оңтүстікте 73 000-нан астам оқушы 1 сыныпқа барады

Енді 2016 жылдың қазан-желтоқсаны аралығында критериалды бағалау жүйесі бағытында облыс бойынша 1030 мектеп директоры орынбасарларын мектептік үйлестірушілер ретінде және 30 білім бөлімінің әдіскерлерін аймақтық үйлестірушілер ретінде біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР