//
Бизнес идеяcы бар жастар грантқа ие болды Жаңалықтар 

Бизнес идеяcы бар жастар грантқа ие болды

Үздік бизнес идея стартапшыларға қолдау. “Даму” қоры Шымкентте жаңадан кәсіп ашқысы келетін, бизнес идеясы бар жастар арасында байқау жариялаған болатын. Жобаның тиімділігі сол, қатысушылар алдымен үш күндік шеберлік сабақтарға қатысты. Қорытындысы бойынша түрлі бизнес-жоспар дайындап, банк өкілдері, табысты бизнесмендер алдында жобасын қорғап шықты.

Бизнес идеяcы бар жастар грантқа ие болды

Жиналған жастардың идеясы мол. Бірі жержаңғақ қуыруды қолға алғысы келсе, енді бірі судағы бұрғылау жұмыстарын дамытпақ. Ал өзге жастар интернет-кафе ісін жандандырғысы келеді. Алайда жаңадан кәсіп ашып немесе оны дөңгелету үшін қаржылай көмекке зәру. Сондықтан бүгінгі байқауда жеңіске жетуден барлығы үмітті.

Бизнес идеяcы бар жастар грантқа ие болды

Бекарыс Әуелханов – жас кәсіпкер. Бүған дейін бірнеше істі ашып, өзін түрлі салада сынап көріпті. Ендігі ойы – жержаңғақ сату. Бекарыстың ойынша, қуырылған жержаңғақ сату ісі Оңтүстікте әзірге дами қоймаған. Сондықтан ісінің өрге басатынына сенімді. Ал ол үшін арнайы пеш сатып алу керек.

Бекарыс Әуелханов, жас кәсіпкер: “Алғашында аз көлемде жержаңғақ қуырып саттық. Арнайы қалташаларға салып, ірі супермаркеттерге, дүкендерге өткіздік. Атауын өзгертіп көрдік. Тауар мен ойлағаннан үш есе көп сатылды. Сондықтан шаруаны бастасақ, оңынан туатынына сенімдімін. Тек ол үшін қаржылай көмек керек”.

Бизнес идеяcы бар жастар грантқа ие болды

Ал үздік бизнес идея авторы қайтарымсыз бір реттік грантқа ие болады. Бұл жолы грант мөлшері 150 мың теңгені құрап отыр. “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры мамандарының айтуынша, бұл қаржы көп болмаса да жас кәсіпкерлердің бизнесті құру, оны дамытуда көмек болмақ. Айта өтейік, бұл тоқсанда жалпы 28 бастаушы кәсіпкер  оқытылса, оның ішінен 8 үздік бизнес идея іріктеліп алынған.

Бизнес идеяcы бар жастар грантқа ие болды

Бұл жолы “Bookсase” интернет дүкенінің авторлары Айсұлу Ділдәбекова мен Мөлдір Худайбергенова жеңімпаз деп танылды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz