Еңбеккерлер еленген күн

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі — еңбек күні. Атаулы датаға орай облыстағы әр түрлі саланың үздік мамандары марапатқа ие болды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі жиында бірақатар азаматтарға «Облысқа сіңген еңбегі үшін» наградасы мен алғыс хат табыстап, конкурста жеңімпаз деп танылғандарды марапаттады.

Еңбеккерлер еленген күн

Жаңабаевтар отбасы облыстық конкурста «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл жанұяның адамдары 400 жылдан бері теміржол саласында қызмет етіп келеді. Қазірдің өзінде бір шаңырақтан тараған 17 жан тоғыз жолдың торабында еңбек етеді. Алды құрметті зейнеткер де атанған. Бүгінде Жаңабай атаның кәсібін үшінші ұрпағы жалғастырып келеді.

Еңбеккерлер еленген күн

Айта кетейік, биыл еңбек күні Қазақстанда үшінші жыл қатарынан аталып өтуде. Бұл мерекенің мақсаты — еңбектің қоғамдағы мәртөбесін арттыру әрі өндірістік және жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау.

Еңбеккерлер еленген күн

Мереке аясында биыл әр түрлі саланың жетік мамандары марапаттарға ие болды. Сондай-ақ, облыс әкімі қарапайым жұмысшылардың да еңбегін елеп, арнайы алғыс хат табыс етті.

Еңбеккерлер еленген күн

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР