Екі адамды қаққан жүргізуші ұсталды

172
Екі адамды қаққан жүргізуші ұсталды

Шымкентте екі адамды көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Қайғылы жағдай 20 қыркүйек күні таңертең Бауыржан Момышұлы даңғылында болған еді. Мұнда «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі қала тұрғыны мен оның 7 жасар қызын қағып, қашып кеткен. Соның салдарынан 33 жастағы жігіт ауыр жарақат алды.

Екі адамды қаққан жүргізуші ұсталды

Ал оның 7 жасар қызын Құдай сақтап қалған. Оқушыны куәлер көтеріп, үйіне алып барады. Ал әкесі ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды. Жәбірленушілердің туыстарының полицейлер мен жедел жәрдем дәрігерлеріне өкпесі қара қазандай. Олардың айтуынша, оқиға орнына жеткен кезде ағалары әлі жерде тірі жатыр екен. Тек айқайға басқан соң ғана жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті дейді марқұмның қарындасы.

Ал полицейлер іздестіру нәтижесінде Ауди көлігінің жүргізушісін ұстады. Ол 66 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауда жатыр.