Электр энергиясын тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін

Шымкентте электр энергиясын тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін. Жеткізіп беруші компаниялар табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне осындай ұсыныспен шығып отыр. Егер қолдау тапса, тариф 1 теңге 13 тиыннан 2 теңге 10 тиынға артуы мүмкін.

Электр энергиясын тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін

Тартысқа ұласқан қоғамдық тыңдауда халық қалаулылары табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық филиал өкілдеріне сауалды төтесінен қойды. Жыл сайын модернизациядан көз ашпайтын коммуналды сала тарифті төмендетудің орнына, керісінше, жыл сайын қымбаттады. Ендеше жаңату жұмыстарына үнемі жүргізілсе, неге басы артық шығын азаймайды?

Электр энергиясының құны қымбатаған сайын сапасы артудың орнына төмендеп келеді. Жарықтың жиі сөніп қалуы бизнес өкілдеріне тиімсіз. Электр қуатының тарифі артқан сайын кәсіпкерлердің шығыны да еселене түседі. Сондықтан бұл жаңалық іскерлерге жайсыз тиіп отыр.

Алайда қызмет тасымалдаушы компания өкілдері бұл баға тұтунышыларға салмақ салмайды деп отыр. Айтуларынша бұл баға саясаты электр энергиясын өндірушілер мен тасымалдаушы мекемелерге қатысты.

Жаңа тариф әзірге талқылау үстінде. Егер табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тарапынан бұл ұсыныс қолдау тапса, электр энгергиясының тасымалдау құны шамамен 90 тиынға өсетін болады.

Пікір қалдыру

1 пікір - "Электр энергиясын тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін"

Маған хабар беру:
777

Қой бағуға жарамағандарға ел басқартқасын не оңады? Билік басына нағыз патриот, ұлты үшін отқа түсуге бар патриот халықшыл, мемлекетшіл текті азаматтар келмей жағдайымыз түзелмейді! 25 жылда жер сатушы, жетім сатушы жеке мүддені ғана көздеген қанағатсыздар мен парақорлар билігі халықты сансыратып отыр… Неге?!!!!??

wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР