Гала-концерттен кейін шымкенттіктерді автобус тегін тасымалдайды

318
Қалаішілік автобустың бағасы - 90 мың АҚШ доллары. Ал қалааралық көлік 180 мың көк қағазды құрайды дейді белорустықтар.

Шымкентте қала күніне орай өтетін үлкен шоу бағдарламадан соң қала тұрғындарын автобустар тегін тасымалдайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Наурыз алаңында өтетін гала-концерттен соң қаланың үш жеріне 15 автобус тегін қатынайды. Бұл 15 автобусты қалалық әкімдік қосымша бөліп отыр. Ал түнгі сағат 22:00-ден соң №4, 8, 17, 17А, 17Б, 40 және 70 бағыттағы автобустар жолаушыларды әдеттегі тариф – 70 теңгеден тасымалдайды.

Қоғамдық көліктер үш бағытта жүреді:

  • Наурыз алаңынан Күншығыс шағынауданына дейін
  • Наурыз алаңынан Орталық әмбебап дүкенге дейін (Қонаев және Тәуке хан даңғылдарының қиылысы)
  • Наурыз алаңы мен Самал базары