//
Имамдар қайырымдылық ұйымдастырды Жаңалықтар 

Имамдар қайырымдылық ұйымдастырды

Бүгін облыстық орталық мешітте Құрбан айты мерекесіне орай қайырымдылық шарасы жалғасты. Ниет қылып сойылған мал еті жүздеген отбасыға таратылды.

Имамдар қайырымдылық ұйымдастырды

Үш күн бойы атқарылған игі шаралар аз болған жоқ. Облыстық мешіт пен өңірлік зекет орталығы осы мерекеге орай “Раббың үшін құрбан шал” атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Биылғы акция аясында 700 келі ет жиналып, 400-ге жуық тұрмысы төмен отбасыға бөліп берілді. Жалпы, өңіріміздегі 792 мешіттің 36-сы осы күндері 3,5 мыңнан астам мұқтаж жанға көмек көрсетті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz