Италияндықтар шымкенттік хирургтармен бірлесіп бауыр алмастырды

295
Италияндықтар шымкенттік хирургтармен бірлесіп бауыр алмастырды

Шымкентте кезекті рет бауыр алмастыру отасы өтті. Бұл жолы трансплантациялық операцияны Италиядан келген білікті хирургтар мен жергілікті дәрігерлер бірлесіп жасады. Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында өткен күрделі ота халықаралық тәжірибеге сай өткізілген. Шетелден келген қонақтар хирургиялық ем кезінде өздерінің біліктілігімен бөлісті. Айта кетейік, мұндай байыр алмастыру отасы өңірде осымен жетінші рет жасалып отыр.

Италияндықтар шымкенттік хирургтармен бірлесіп бауыр алмастырды

Рисалити Андреа, Италиядағы SMM университеті академиялық ауруханасының жалпы хирургия жетекшісі: «Біз шымкенттік дәрігерлермен бірлесіп ота жасағанымыз үшін өте қуаныштымыз. Әріптестік байланыс ретінде екі елдің дәрігерлері өздеріне қажетінің барлығын алды деген үміттемін. Ал хирург Мади Бигалиевтің қолы шынында «алтын» екен. Біз іскерлік байланысымызды одан әрі жалғастырғымыз келеді. Бұл үшін арнайы жоба бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.»

Шетелдің дәрігерлерлерімен бірлесіп жасалған ота тоғыз сағатқа созылған. Операция кезінде ақ халаттылар анасына туған баласының бауырын салып берген. Қазір қос науқас та жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің де жағдайы бірқалыпты.

Айта кетейік, италияндық мамандар қос елдің әріптестік байланысын жалғастырмақ. Осы мақсатта екі жақты келісім-шарт жасауды жоспарлап отыр. Ал, шетелдік дәрігерлердің бұл жолғы сапарына «СINA PHARM», «Нұр-Төре» және «Оптоник» компаниялары тікелей қолдау жасаған. Қалалық жедел жәрдем ауруханасында  үш жылдың ішінде 70 бүйрек алмастыру отасы және 7 бауыр алмастыру отасы жасалған.