Күнгей диқандары мың тоннаға жуық өнім жинады

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылының барлық егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың га құрап отыр. Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.

Қазығұрттағы шаруалардың өзіне биыл 40 жаңа техника берілген. Бұл тек дәнді дақыл үшін

Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дақыл егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж — 17,8 ц/га), барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық.

Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары жалпы биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім жинауды көздеп отыр. Бүгінге күнге дейін олар 47 мың тонна жеміс, 23 мың тонна жүзім жинаған.

Жиын-терім жұмыстарымен қатар мал азығын да дайындалуда. Шаруалар жоспарлаған 3485 мың тоннаның 3747 мың тоннасын (108%) дайындап үлгерген.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР