Күнгейдің үздік киногерлері анықталады

Күнгейдің үздік киногерлері анықталмақ. Жүзден жүйрік танылған жеңімпаздар үшін қаржылай сыйлықтан бөлек туындылары республикалық телеарналар арқылы жұртшылыққа жол тартады.

Осынау мол мүмкіндіктер жөнінде «Алтын сақа» фильмдер фестивалінің баспасөз-жиынында айтылды. Ұйымдастырушылар биылғы талап жоғары дейді. Еңбектер тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып, балалардың аудиториясын да қамтуы қажет. Ал қазылар алқасының құрамына Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, кинотанушы Гүлнәр Амангелдіқызы мен «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы арнайы шақырылып отыр.

Күнгейдің үздік киногерлері анықталады

Ләйлә Сұлтанқызы, қазылар алқасының мүшесі: «Қазылар алқасының өкілі ретінде, ең алдымен, материалдың сапасына баса назар аударамын. Мәселен 30 минуттық еңбек пен бір жарым минуттық сюжетті салыстыруға келмейді ғой? Сол сияқты. Сондай-ақ, байқаудың ережелері нақтыланбаған деген пікір айтамын. Әрине, ұйымдастырушылар мұны сын емес, достық кеңес деп қабылдаса екен деймін. Себебі 35 жастағы режиссер мен 16 жастағы өнер иесінің ойлау қабілеті мен шеберлігін жарыстырмақ түгілі қатар қоюға болмайды. Мәселен, кәсіби студияның бейнекамерасының құны 100 мың теңгелік болса, студенттің қондырғысы — небәрі 20 мың теңгенің заты. Сапалы мен сапасыз деген дүние осыдан туындайды. Сол себепті алдағы уақытта бұл байқау республикалық деңгейде өтетін болса, яғни, аясы кеңісе, міндетті түрде ереже-шарттарын құнттап, өзгерістер енгізуі қажет. Бірақ, мойындау керек, Оңтүстік өңірі дәл қазіргі уақытта анимацияның дамыған, өркендеген өлкесі. Сол үшін жастарға қолдау көрсетіп, өнердің дамуына қосып жатқан үлесі үшін Батырхан Дәуренбеков мырзаға алғыс айтамын!

«Алтын сақа» балаларға арналған қысқа метражды фильмдер байқауы биыл тұңғыш рет қолға алынып отыр. Өнер бәсекесіне 30 үміткер қатысуға ниет білдіріп, ақтық сынға оның 23-і жолдама алған.

Айта өтетін ақпар, сайыстың көрсетілімі жабық өтеді. Ал жеңімпаздың есімі 22 қыркүйек күні белгілі болмақ. Бас жүлде иегері, үздік киногер үшін 300 мың теңге қаржылай сыйлық тағайындалған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР