Күнгейде қазақша жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлер анықталды

218
Күнгейде қазақша жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлер анықталды

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте». Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер арасында тіл білімін таразылайтын байқау өтті. Сайысқа жолдама алған жергілікті басқарма мен өзге де департаменттің мамандары алдымен өзін таныстыру, халқымыздың қанатты сөздерін жатқа оқу сынды кезеңдерден өтіп, ақтық сынға жолдама алған. Жарысқа қатысуға 30 бірдей мекеме ниет білдірсе, оның 8-і ғана соңғы кезеңде өнер көрсетті.

Күнгейде қазақша жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Ал үміткерлердің мемлекеттік тілге деген құрметі мен қабілетін 5 адамнан құралған қазылар алқасы таразылады. Төрешілер тарапының пікіріне жүгінсек, биыл 4-рет қолға алынған додаға статистика басқармасы мен қазынашылық департаментінің қызметкерлері ерекше дайындықпен келген.

Күнгейде қазақша жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Валентина Петровна, облыстық қазынашылық департаментінің бөлім басшысы, байқау үміткері: «Мен беларусь ұлтының өкілімін. Қазақстанға келіп, 18 жылдан бері қазақ тілін үйрендім. Мемлекеттік тілде құжаттар толтырып, қызмет етемін. Жұмыста да тек қазақ тілінде сөйлеп, еңбек етеміз. Менің ойымша, өнегеге толы, бай тілде сөйлеп, ауасын жұтып жүрген мен бақытты маманмын.»

Күнгейде қазақша жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Сонымен, мемлекеттік тілдің мерейін асырған байқауда бас жүлдені облыстық қазынашылық департаментінің қызметкерлері – «Алтын қазына» тобы жеңіп алды. 1-орынды денсаулық сақтау басқармасының мамандары еншіледі. Өзге қатысушылар арнайы ынталандыру алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Күнгейде қазақша жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Айта өтетін ақпар, биылдың өзінде күнгейдегі мемлекеттік мекемелердің 1600 еңбеккері тіл үйрететін орталықтың көмегіне жүгініп, іс-қағаздарды қазақ тілінде толтыруды оқып-үйренген.

Күнгейде қазақша жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлер анықталды