Кентау трансформатор зауыты дамып келеді

Қазіргі таңда Кентау трансформатор зауыты дамып келеді. Зауыт өнімдерін тұтынушылардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан теміржолы» сияқты алпауыт мекемелер бар. Орта Азияда баламасы жоқ сапалы өнімдер Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Ауғанстанға да экспортталады.

Кентау трансформатор зауыты дамып келеді

Кәсіпорында бүгінде 1100 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың көбі жастар. Кәсіпорын жанынан ашылған колледждің 500-ге жуық студенті дуальды жүйемен осында мамандығын толық меңгереді.

Трансформатор зауытында жұмысшылар үш ауысымда еңбек етуде. 20 жылда өндіріс көлемі 20 есеге өскен. Зауытта 36 жаңа өнім түрі шығарылады, жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 40-тан асыру межеленген. Ірі инвестициялық жобалардың бірі — Шымкент қаласында салынатын жоғары кернеулі ірі трансформатор зауыты. Қазығы қағылған жаңа кәсіпорынның құжаттары рәсімделіп жатыр.

Жаңа кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар да дайын. Олар қуатты трансформаторларды құрастырып-жинау тәжірибесін жастарға үйретуде. Қалдарбек Құлмұханбетовтың оператор болып қызмет еткеніне екі жыл болды. Алматыдағы политехникалық универститетті бітірген ол ұсыныс болса, жаңа зауытта істеуге дайынмын дейді.

Шымкент қаласында жаңа трансформатор зауыты ашылған күннен тапсырыстар көбейеді дейді зауыттағылар. Жақында беларустар да өнімдерге өтінім берген. Көрші Ресей, Қырғызстан, Өбекстаннан келіп жатқан тапсырыстардың көлемі де едәуір артып отыр. Келісім-шарт түзген шетелдік компаниялардың қатары көбейген. Осылайша «Алагеум групп» компаниясы Еуропа нарығына шығуға да сенімді қадам жасауда.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР