//
Кентауда оттегі цехы салынуда Жаңалықтар 

Кентауда оттегі цехы салынуда

Үкімет тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Кентаудағы индустриалды аймақта құны 45 млн теңгеге бағаланған өндірістік оттегін шығаратын цех ғимаратының құрылысы басталды. Жобаның қуатына сәйкес жаңа кәсіпорында жылына 25 мың баллон оттегімен толтырылады деп көзделуде. Дайын өнімнің басым бөлігі Кентау трансформатор зауытына жоладанбақ. Мұндай цех Кентауда бұрын болған, алайда тоқырау заманында жабылған еді дейді кәсіпкер.

Кентауда оттегі цехы салынуда

Осылайша индустриалды аймақта отандық тауар шығаратын кәсіпорындардың қатары толығуда. Енді мұнда трансформатор өндірісіне қажетті электр құрылғыларын шығару да қолға алынған.

Келешекте индустриалды аймаққа қаланың сыртымен қатынайтын жол салынбақ. Әзірге мұнда электр, су кәріз жүйелері тартылған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz