Коллектордың үстіндегі үйлерді бұзу уақытша тоқтатылды

Оңтүстік шағынауданы тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Көлемі 900 мм кәріз коллекторының үстіне салынған нысандарды бұзу уақытша тоқтатылады.

Ескі коллектордың үстіндегі үйлерді бұзу басталды

Еске сала кетсек, қаңтар айында осындағы кәріз құбыры жарылып, бірнеше үйге зақым келген болатын. Одан қалса «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесі құбыр үстіндегі нысандарды бұзуды сұрап, сотқа талап-арыз берген. Тіпті, сот орындаушылары іске кірісіп, бірнеше баспана бұзылып үлгергенін айтқан болатынбыз.

Осы жаңалық эфирге шыққан соң жағдай өзгеріп отыр. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгіннен бастап сот орындаушыларына үйлерді бұзу туралы соттың шешімін орындатуды белгісіз мерзімге дейін тоқтата тұруға хат жолданады.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР