//
Мәделі қожа көшесіндегі көпір жөнделді Жаңалықтар 

Мәделі қожа көшесіндегі көпір жөнделді

Шымкенттегі Мәделі қожа көшесінің үстіндегі көпірді жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Көпірдің тіректері ақ-сары түске боялып, текпешектері гранит тақтайшалармен қапталды. Осылайша үлкен көпір танымастай болып өзгеріп отыр.

Мәделі қожа көшесіндегі көпір жөнделді

Бұл жұмыстарға 28 миллион теңге бөлініп, тендерді “Жырым” мекемесі жеңіп алған. Айта кету керек, Төреқұлов көшесіндегі жұмыстарды да дәл осы мекеме жүргізуде. Дегенмен, 7 миллион теңге бөлінген мұндағы жұмыс сапасыз болып шықты.

Мәделі қожа көшесіндегі көпір жөнделді

Қалалық әкімдіктің өкілдері “Жырым” компаниясы сапасыз материалдарды қолданған деп мәлімдеді. Қазір жұмысшылар бұрынғы қабырғаны алып тастап, жаңасын қалауда.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz