Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Конкурстық іріктеу бұл лауазымды енді Ахметжанов Нұрболат атқарады.

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалдыНұрболат Ахметжанов 1963 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша — концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры.

1990-1998 жылдары Павлодар облыстық филармониясында концертмейстер, оркестр директоры, оркестр әртісі, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы атындағы Павлодар педагогикалық институтында педагогика және музыкалық-эстетикалық тәрбие беру кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қызметтегі өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары ретінде бастаған.

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінде халық шығармашылығы және аймақтық саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі аппараты заң бөлімінің бас консультанты лауазымдарында қызмет атқарған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінде өнер департаменті директорының орынбасары, мәдениет және тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР