//
Неміс мамандарының шеберлік сабақтары жалғасуда Жаңалықтар 

Неміс мамандарының шеберлік сабақтары жалғасуда

Неміс мамандарының шеберлік сабақтары әлі жалғасып жатыр. Керамогранит өнімдерін шығаратын зауытта өз тәжірибелерімен бөліп жатқан германиялық сарапшылар “СЭС аға синьор қызметі” бағдарламасы аясында шақырылған. Экономика және сауда саласының сарапшысы Ульрих Антон бүгінде әлемдік еңбек нарығында техникалық мамандардың жетіспеушілігі байқалады дейді.

Неміс мамандарының шеберлік сабақтары жалғасуда

Ульрих Антон Клоке, шетелдік сарапшы: “Біздің мақсат – зауыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру. Ол үшін инновациялық өндірісті іске асыру қажет. Жалпы кәсіпорындағы өндіріс процесі жаман емес. Тек техникалық мамандардың біліктігіне көңіл бөлу қажет деп есептейміз.”

Осылайша жергілікті зауыт басшылығы маман тапшылығын шетелдік сарапшылардың қызметіне жүгіну арқылы шешпек. Сарапшылар кәсіпорын жұмысшыларымен білген-түйгендерін бөлісіп, заманауи технология тетіктерін де үйретуде. Әріптестік байланыс кадрлердің біліктігілін арттып қана қоймай келешекте кәсіпорын көкжигенік кеңейтуге де жол ашпақ.

Артур Пазылбеков, сарапшы: “Кәсіпкерлер палатасы бізге шетелдік мамандармен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Ертең Өзбекстанда халықаралық көрме басталады. Бұл шараға біздің де компания қатысатын болды. Бұл мамандар бізге стендтің дизайнын жасауға көмектесті. Үйлесімді материалдарды таңдап, көрмеде жұмыстардың қалай жүретінін үйретті.”

Бизнес өкілдері бірлескен жұмыстың нәтижесі әлден-ақ байқалады дейді. Айта кетейік, бағдарламаның оңтайлы тұсын кадр тапшылығын сезініп отырған кез-келген кәсіпорын пайдалана алады. 2013 жылдан бері қолданыстағы бағдарлама аясында конақтардың күнделікті 5 евродан аспатын шығыны кәсіпорын мойнында. Қалған шығындар мемлекеттік бағдарлама аясында қаралған дейді палата өкілдері.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz