ОҚО әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шарасына қатысты

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы мақта терімінің жұмысымен танысты, «Ақ керуен-2016» мерекелік шарасына қатысып, шаруалармен жүздесті.

ОҚО әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шарасына қатысты

Кездесу барысында дихандар өнімнің түсімдігі мен сапасын және мақта шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданудың нәтижесінде Мақтааралдағы 83 мың гектардан астам жерге себілген шитті мақтадан гектарына 19,6 центнерден өнім алынуда.

ОҚО әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шарасына қатысты

 

Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 34 мың тоннадан астам ақ алтын келіп түскен. Мақтаралдық диқандар биыл 200 мың тонна ақ ұлпа теріп алуды жоспарлап отыр. Биылғы мақтаның келісінің бағасы — 170 теңге.

ОҚО әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шарасына қатысты

Мақталы аймақта болған облыс әкімі сонымен қатар сүт өңдеу цехы мен май шығару цехын және мақта шикізатын өңдеу процесімен танысты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР