//
ОҚО әкімі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды Жаңалықтар 

ОҚО әкімі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ОҚО әкімі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды

Жұмыс тобы «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының президенті Жанетта Жазықбаевамен бірге әлеуметтік, құқықтық және медициналық көмек алып жүрген тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысты.

ОҚО әкімі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды

Кездесуде облыс әкімі ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды ортадан шеттетпей, қоғамға бейімдеу қажеттігін айтты. Айта кету керек, 2006 жылы құрылған қоғамдық қор соңғы үш жылдан бері онкология, гепатит В, С, қант диабеті, тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі бағыттар бойынша көмек көрсетіп, қолдаумен айналысады. Бүгінгі таңда қорда 247 бала есепте тұрады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz