ОҚО-да 14 машина-трактор станциясы құрылды

Оңтүстікте ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтуды, экспортқа шығаруды қамтамасыз етуде ұсақ тауар өндірушілердің мәселелері жан-жақты қарастырылып, шешілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңына сәйкес өрбуде.

Трактор

Бүгінгі таңда облыста 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылық 81 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 мақта шаруашылығы, 30 астық, 4 сүт өндірісі, 13 ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтан құралған.

Сонымен қатар биыл облыста 14  машина-трактор станциясы құрылған. МТС құрамында доңғалақты 108 трактор, шынжыр табанды 7 трактор, 28 астық оратын, 9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайн мен 186 басқа техника бар.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР