//
ОҚО-да ірі жол апатынан 6 адам мерт болды Оқыс оқиға 

ОҚО-да ірі жол апатынан 6 адам мерт болды

Оңтүстікте ірі жол апаты болып, алты адам қаза тапты. 19 қыркүйек күні кешкі сағат 6 шамасында Алматы-Ташкент-Термез тасжолында “Форд” шағын автобусы мен «Тойота» жеңіл көлігі соқтығысқан.

ОҚО-да ірі жол апатынан 6 адам мерт болды

Соның салдарынан Фордтың 56 жастағы жүргізушісі және шағын автобуста отырған 51, 46 және 45 жастағы жолаушылар, «Тойота» көлігінің 29 жастағы жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Бұған қоса 16 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шымкенттегі ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі – 3 жасар қыз бала есін жимаған күйі қайтыс болды. Қазір полицейлер қылмысты іс қозғап, тексеруді жалғастыруда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz