ОҚО-да тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңге инвестиция тартылды

Оңтүстік Қазақстанда 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түседі дейді жауаптылар.

ОҚО-да тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңге инвестиция тартылды

Мысалы, инвестиция тартылған жобалардың бірі — Қазығұрт ауданындағы «Lotus Food Company LLC» тез дайындалатын кеспе жобасы. Бұл жобаға 471 млн теңге инвестиция салынған. Сонымен қатар 1 млрд 900 млн теңге инвестиция тартылған «Шымкент май» жобасы бүгінде өз өнімдерін экспортқа шығаруда.

Инвесторлардың үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия көш бастап тұр. Айта кетейік, тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында Шымкентте қазақстандық пен шетелдік жетекші компаниялар қатысқан «AgroProm Shymkent 2016» көрмесі өтті.

Көрмеде азық-түлік және сусын түрлері, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, шара барысында «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР