«Оңтүстік» индустриалды аймағында тоқтап тұрған кәсіпорын жоқ»

«Оңтүстік» индустриалды аймағында тоқтап тұрған кәсіпорын жоқ. Бұл туралы осы аймақтың бас директоры Мұхтар Тұрабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, күнгейде 7 индустриалды аймақ пайдалануға берілген. Бір ғана Тассай индустриалды аймағында фармацевтика, машина жасау және жиһаз индустриясы салаларының кластерлік дамуына жол ашылған. Ал Бадам қазақ-түрік индустриалды аймағында машина жасау және металлургияға аса көңіл бөлінген. Аталмыш аймақтардағы өндірістік алаңдарының құрылысы биыл бітеді.

Индустриалды аймақта 37,5 млрд теңге көлемінде 42 жаңа жобаларды іске асыру және 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр

Елбасының тікелей тапсырмасымен Оңтүстікте көлемі 592 гектарды құрайтын 7 индустриалды аймақ пайдалануға берілген. Олар Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Қазығұрт, Мақтаарал, Түлкібас аудандарында. Құрылыс материалдары, цемент, су, газ құбырларынан бастап құрылысқа қажетті заттар шығарылуда. Ашылған индустриалды аймақтарда 78 млрд теңгені құрайтын 80 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Шымкенттегі Тассай индустриалды аймағы фармацевтика, машина жасау, жиһаз индустриясы салаларының кластерлік дамуына бағытталған. Ал Бадам индустриалды аймағында шатыр материалынан бастап арнайы техника, электр құрылғыларын және де жеңіл көлік шығаратын өндіріс орындарының құрылысы жоспарлануда. Оңтүстік өңірінде болат құю зауыты да болады.

«Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға индустриалды аймақтарға инфроқұрылым тартылып, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасалуда. Отандық өнімдердің қатары неғұрлым көп болса, тауарлардың бағасы да қолжетімді болатыны анық.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР