Оңтүстікте қолда өсірілген дуадақтар ұшырылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұмға 308 дуадақ ұшырылды. Құстың бұл түрі жиек деп аталады, деп жазады 24.kz ақпарат порталы.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Дала төсінде алғаш рет еркін қанат қаққан құстар жергілікті тұқымбақта жұмыртқа жарып шықты. Ол жұмыртқалар бірнеше жыл бұрын табиғат аясындағы жабайы дуадақтардың ұясынан теріп алынған. Жергілікті ғылыми-зерттеу орталығында қазір тағы мыңдаған балапандар өсіріліп жатыр. «Қаратау бөктеріндегі тұқымбақтың үшінші кезеңі бітсе, жылына 15 мыңға дейін құс балапанын еркіндікке жіберуге болады» дейді мамандар.

Бұл — Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің бірлескен жобасы. Қызылқұм аумағына ұшырылған құстың барлығына арнайы белгі мен қондырғы орнатылған. Ғаламтор арқылы табиғат қорықшылары мен ғалымдар құстың ұшып кететін бағытын және олардың қай жерде көбейетінін зерттейтін болады.

Нұрболат Құдайбергенов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы: «Бұл құс қолайлы болғандықтан біздің облыста жұмыртқалайды. Ал кейін балапан ашып ұшқаннан кейін жыл құстары өзінің көшіп-қону жолына байланысты ұшып кетіп, кейін ұшып келіп-кетіп отырады. Алдыңғы жылдардағы ұшырылған партиялардың Пәкістан мен Мороккоға дейін ұшып барғаны анықталған.»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР