Оңтүстікте AgroProm Shymkent — 2016 көрмесі өтеді

Оңтүстікте «Тамақ өнеркәсібі» — AgroProm Shymkent 2016 көрмесі өтпек. Іс-шара 2016 жылдың 8-9 қыркүйегі күндері Шымкенттегі «Көрме» орталығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстікте AgroProm Shymkent - 2016 көрмесі өтеді

Көрмеге тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындар қатыса алады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тарапынан әр қатысушыға 9 шаршы метр орын тегін ұсынылады. Дамуды ынталандыру және өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен жабдықтарды тарту, инвестицияларды тарту мен шағын және орта бизнесті дамыту көрме іс-шарасын өткізудің негізгі міндеттері болып табылады.

Тамақ өнеркәсібіне арналған көрмеге қазақстандық және шетелдік жетекші компаниялар қатысады. Олар азық-түлік және сусын түрлерін, оларды шығаруға арналған жабдықтар мен технологияларды, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды, сонымен қатар ұсынады.

Көрме аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар қарастырылған. Атап айтқанда «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ, Retail–Distributor-Centre (супермаркеттер мен сауда желілерінің өкілдерімен өтетін көрме қатысушыларының бизнес-кездесулері), өнімдерді дегустациялау, әлеуетті серіктестерді/дистрибьюторларды табу мақсатында өндірушілердің өнімдерінің презентациялау және өзге де кездесулер қарастырылған.

Көрмені тамашалау — тегін. Толығырақ ақпарат – www.agropromexpo.kz сайтында.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР