//
Құтыру Жаңалықтар 

Оңтүстікте төрт адам құтырудан мерт болған

ҚұтыруӨңірде жыл басынан бері құтырған ит тістеген төрт адам қайтыс болды. Мамандардың айтуынша, құтыру ауруы бойынша өңірде эпидемиялогиялық жағдай өршіп төр. Өйткені былтырмен салыстырғанда биыл қауіпті дерттен мерт болғандар көбейген.

Оған қоса ит тістеп жарақат алғандардың саны 14 мыңнан асып жығылады. Ал ветеринарлық қызметкерлердің берген мәліметі бойынша зертханалық сынама кезінде аудандағы елдімекендерде құтыру ауруының 14 ошағы анықталған.

Балкүміс Мұсаева, ОҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы: “Біздің облысымыз құтыру ауруына қолайсыз болып табылады. Биылдың өзінде төрт адам құтыру ауруымен тіркелді. Бұл жағдайлардың барлығы өліммен аяқталды. Қайғылы жағдайлар Қазығұрт, Созақ аудандарында және Кентау қаласы мен Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында тіркелді.”

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz