//
Оңтүстіктің ұстазы республикалық конкурста жеңіске жетті Жаңалықтар 

Оңтүстіктің ұстазы республикалық конкурста жеңіске жетті

Оңтүстік халқына қуанышты хабар! Таяуда Қазақстан Республикасы білім және ғылым минитрлігінің ұйымдастыруымен Елордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Оңтүстіктің ұстазы республикалық конкурста жеңіске жетті

«2016 жылдың үздік педагогы» деп аталатын марапаттау рәсімінде Төле би ауданындағы №1 мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрила Сәрсенбайқызы Байтасова республикалық конкурс жеңімпазы болып табылды.

Сонымен қатар еліміздегі барлық мектептер арасында арнайы жарияланған акция қорытындысы бойынша Шымкенттегі Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы республика деңгейінде 1 орынды иеленді. Бұл оқу орнының «Мен өз Отанымды сүйемін!» аталымы бойынша патриоттық рухпен, мектепке деген құрметімен ерекшеленген видеосы 1 орынды жеңіп алды. Мерейлі мерекедегі жеңіс құтты болсын!

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz