ОҚО әкімі полицейлерге 78 жаңа көлік сыйлады

413
ОҚО әкімі полицейлерге 78 жаңа көлік сыйлады

Оңтүстіктің полицейлері жаңа көліктерге ие болды. Су жаңа 75 Киа және 5 ВАЗ көлігін өңір әкімі Бейбіт Атамқұлов облыстық жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бұл арнайы көліктер Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында бөлініп отыр.

ОҚО әкімі полицейлерге 78 жаңа көлік сыйлады

Көліктердің кілті салтанатты шарада жергілікті полиция қызметі батальонының 128 қызметкеріне тапсырылды. Жаңа көліктер заманауи құрылғылармен, рация, арнайы дыбыс белгісі және бағыттаушымен жабдықталған.

ОҚО әкімі полицейлерге 78 жаңа көлік сыйлады

Бейбіт Бәкірұлы көліктерді өзі қарап шықты. Біреуіне мініп, тежегіші мен арнайы дыбыс белгісін тексеріп көрді. 7 қыркүйек күні кешкісін жаңа көліктерге мінген полицейлер қызметтерін атқаруға кірісіп кетті.

ОҚО әкімі полицейлерге 78 жаңа көлік сыйлады