ОҚО-да тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылмақ

281
ОҚО-да тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында түйе сүтін өңдейтін жаңа зауыт салынбақ. Бұл жоба биылғы 28-29 сәуірде өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып отыр.

ОҚО-да тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылмақ

Шетелдік «Golden Camel Group LTD» компаниясы өңірде инвестиция құны 8 млрд 30 млн теңгеден асатын түйе сүтін қайта өңдеу жолымен қышқыл сүт өнімін өндіретін кәсіпорын салмақ. Тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдеуге қауқарлы өндірістің құрылысы қараша айында басталады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласында бой көтеретін бұл зауыт іске қосылғанда 180 адам жұмыс орнымен қамтылады. Жаңа зауыттың өнімін Қазақстанның басқа өңірлері мен Қытай және Кеден одағы елдеріне экспорттау көзделуде.

Айта кетейік, халықаралық инвестициялық форумы аясында ОҚО әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінде аталған жобалар кезең-кезеңімен іске асырылу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.