ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді

281
ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді

1 қыркүйек білім күнінде Оңтүстік Қазақстан облысында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған білім ошақтарының екеуі мектебі жоқ елдімекендерден бой көтерсе, 7 білім нысаны үш ауысымды мектептерді алмастыру үшін салынған.

ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді

Тағы 6 ғимарат ыңғайластырылған мектептердің орнын алмастырса, 9 білім ошағы апатты жағдайдағы нысандарды жою үшін, ал 1 мектептің іргетасы оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында қаланған.

ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді

Осы білім ошақтарының басым бөлігі Мақтаарал мен Қазығұрттан бой көтерген. Аталған аудандарда 6 мектептен 12 нысан оқушылар үшін есігін айқара ашып отыр. Сайрам мен Шымкентте 3 білім ошағынан 6 мектеп пайдалануға берілсе, Сарыағашта – 2, Арыста – 2, Түлкібаста – 1, Созақта – 1 және Шардарада 1 білім мекемесі жұмысын бастады.

ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді

Жалпы, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 67 білім нысаны салынса, бүгінге дейін соның арасынан 34 мектеп пен 4 балабақша ел игілігіне беріліп, пайдаланылуда. Жыл соңына дейін тағы бірқатар білім ошақтары елге қызмет етуді бастайды деп күтілуде.

ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді

Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, жалпы 67 нысан пайдалануға тапсырылғанда өңіріміздегі 26 145 оқушы жаңа оқу ғимаратымен қамтылатын болады.

ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді

ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді