Оңтүстік өңірі сейсмикалық тұрғыдан қауіпті

273
Оңтүстік өңірі сейсмикалық тұрғыдан қауіпті

Оңтүстік өңірі сейсмикалық тұрғыдан қауіпті саналады. Өңірде жүрген Непал, АҚШ-тан келген сарапшылар осылай дейді. Облыстық «Қызыл ай» қоғамдық ұйымының ұйымдастырумен өткен жер сілкінісі тақырыбына арналған дөңгелек үстелде күнгейдегі сейсмикалық жағдай талқыға түсті. Өзіміз біле бермейтін мәліметтерді шетелдіктер сын көзбен байқап қойған екен.

Оңтүстік өңірі сейсмикалық тұрғыдан қауіпті

Дөңгелек үстелде бас қосқан шетелдік сарапшылар жер сілкінісі кезіндегі сақтану шараларын пысықтады. Мақсат – өңірдің сеймикалық жағдайын бақылап, жайсыз оқиғалар кезіндегі дайындықты тағы бір сүзгіден өткізу. Мамандар бұл ретте жергілікті жұртшылықтын тұрғын үй құрылысы кезінде сеймикалық қауіпсіздікті ескермейтінін айтып, сынға алды.

Непалдық сеймолог пен сонау АҚШ-тан ат арылтып келген әлеуметтанушы Шымкент көшелерін аралап көрді. Сарапшылар ғимараттардың жел сілікінісіне төзімділігін бағамдап, өз бағаларын берді. 4 күн бойы облыстың сейсмологиялық ақуалын байқаған мамандар біздің облыс қауіпті аймаққа жатады деп кесіп айтты.

Әлеуметтанушылар мен сейсмологтартардан құралған сарапшылар енді таулы аймақтарда болып, тексеріп көрмек. Содан кейін ауыл жұртымен кездесіп, арнайы шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұған қоса ынтымақтастық аясында «Қызыл ай» қоғамдық қоры қалалық құрылыс бөлімі мен төтеншеліктермен бірлесіп, осы бағытта тізе қосып әрекет жасасатын болады.