Оңтүстікте мыңнан астам құрылыс тексерілді

241
Оңтүстікте мыңнан астам құрылыс тексерілді

Оңтүстікте 1034 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау жүргізілді. Бұл тексеру мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы тарапынан Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асып отыр.

Оңтүстікте мыңнан астам құрылыс тексерілді

Осы мыңнан астам құрылыстың ішінде 500-ге жуығы бюджет қаржысы есебінен салынуда. Бұл құрылыс нысандары бойынша 178 әкімшілік іс қозғалып, құрылыс талаптарының сақталмағаны үшін 9 тапсырысшыға, 30 техникалдық қадағалдаушы маманға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оның нәтижесінде 33 маманның аттестаттары 6 айға тоқтатылды, 2 техникалық қадағалаушы маманның аттестаттары жойылды.

Құттыбек Жамашев, ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы: «107 мердігер және 19 жобалаушы мекемеге жіберілген кемшіліктеріне сәйкес әкімшілік айыппұлдар салынып, анықталған кемшіліктер жойылды. Оның ішінде 5 жобалаушы және 2 мердігер мекеменің лицензиясын жою үшін іс сотқа жолданды, 4 жобалаушы мекеменің лицензиясы жойылды. Бұған қоса 4 нысанның ісі сот шешімімен қысқартылды. Қалған нысандар қаралуда. 85 нысанға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 23,6 млн теңге айыппұл салынды.»

Облыс аумағындағы заңсыз және заң талаптарын бұза салынған нысандарды ретке келтіру мақсатында барлық аудан-қалаларда жұмысшы комиссиялар құрылып, жұмыс атқаруда. Есепті мерзімде тексеру нәтижесінде әкімшілік және азаматтық кодекстерге сәйкес 106 нысанға қатысты материалдар сотқа жолданды. Олар: Шымкент қаласында – 35 нысан, Сарығаш ауданында – 8 нысан, Сайрам ауданында – 9 нысан, Бәйдібек ауданында – 13 нысан, Төлеби ауданында – 1, Қазығұртта 7 және Отырар ауданында – 2, Түркістанда 2 нысан. Бүгінде 33 нысанды бұзуға, 22 нысанға айыппұл салуға сот шешімдері шықты.

ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына лицензия алуға және қайта рәсімдеуге түскен өтініштердің жалпы саны – 365. Біліктілік талаптарына сай келмеуі және құжаттардың толық болмауына байланысты 221 өтініш кері қайтарылған. Ал сарапшы аттестатын алуға 359 өтініш түсссе, олардың 91 сынаққа жіберілмеген, 150-і тестілеуден өтпеген.