//
Облыс әкімі депутаттардан жақсы баға алды Жаңалықтар 

Облыс әкімі депутаттардан жақсы баға алды

Бейбіт Атамқұловтың атқарған жұмыстарына “Жақсы” деген баға қойылды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 4-сессиясы өтті. Депутаттардың қарауына ұсынылған жалғыз мәселе – облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлының өзіне жүктелген міндеттердің орындау барысы еді. Әр салаға тоқталған өңір басшысы бес жылға жоспарланған барлық тапсырма жүзеге асып жатқанын мәлімдеді. Соның бір айғағы – облыс бюджетінің өсімі 539 млрд теңгеге жеткен.

Облыс әкімі депутаттардан жақсы баға алды

Облыс басшысы өз есебін сүйікті тақырыбы – өңірге инвестициялар тартудан бастады. Бүгінде облыста жеті индустриалды аймақ табысты жұмыс істеп, төртеуінде инфроқұрылым жүргізілуде. Аймақтарды индустриалды инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 млрд теңгеге 16 жоба іске қосылып, 845 адам жұмыспен қамтылған. Алты айда 384 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде облыс бюджетінің көлемі 500 млрд теңгеден асты.

Есепті мерзміде апатты жағдайдағы 11 және үш ауысымды 9 мектептің құрылысы аяқталды. Халықты сапалы ауыз сумен қамту, газдандыру мәселелері де жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Қала, аудандардағы бірінші кезекте орындалатын тапсырмалар индустрияалдық картаға енгізілген. Мұны жақсы білетін халық қалаулылары көпшілікті толғандыратын мәселелерге аса көңіл бөлу қажеттігін нақтылады.

Облыс әкімі депутаттардан жақсы баға алды

Облыстың экономикасына әсері бар туризм саласын дамыту бағытында Арыстанбаб сияқты тарихи көне орындарға баратын жолдар жөнделетін болып шешілді.

Жиында Солтүстік өңірлерге қоныстанған жерлестерімізді қолдау үшін аудандармен жеке бауырлас болу жөнінде ұсыныс та жасалды. Елбасының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалуын өңір басшысымен бірге қамтамасыз еткен депутаттар Бейбіт Атамқұловтың жұмысына жақсы деген баға берді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz